Туризмнің белсенді түрі

Реферат

Жоспар

I.Кіріспе……………………………………………………………………………………………………3

II.Шетелдік белсенді саяхат түрлерінің ерекшелігі……………….. ……………4-12

а)Активті туризмнің мәні және мазмұны…………………..………………………………4-5

б)Шет елдердегі активті туризмнің түрлері және ерекшеліктері……………5- 12

в)Шет елдердегі активті туризмнің дамуы: мәселелері мен болашағы..12 III.Қорытынды……………..…………………………………………………………………………13

IV.Қолданылған әдебиеттер………………..………………………………………………..14

Кіріспе

Қазіргі таңда біз туризмді адам өміріндегі маңызды құбылыс ретінде қарастырумен қатар XX ғасырдың феномені деп те есептейміз. Сонымен қатар туризм жай ғана саяхат немесе демалыс ғана емес, экономиканың динамикаклы түрде дамитын ең негізгі салаларының бірі болып саналады.

Бүкіләлемдік Туристік Ұйымның мағлұматы бойынша туризм әлемнің Жалпы Ұлттық Өнімінің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11%-ын және әлемдегі өндірістің әрбір жетінші жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Қазіргі туризм индустриясы ірі, жоғарғы табысты және динамикалы түрде дамып отырған халықаралық қызмет саудасының сегменті болып отыр. Туризімнен түскен табыс тұрақты түрде мұнайды экспорттау, мұнай өнімдері және автокөлік табысынан кейін 3-ші орында тұр.[1] Ол экономикалық құбылыс ретінде индустриялды нышанға айналып, ұлттық экономиканың даму катализаторы болып табылады. Туризмнің арқасында жаңа жұмыс орындарының қалыптасуы, ұлттық табыстың өсуі, жергілікті инфрақұрылымның дамуы, халықтың тұрмыс деңгейінің жақсаруы байқалады. Туризм индустриясы тиімділігінің жоғары деңгейімен және оған салынған инвестицияның тез қайтарымымен сипатталады. Басқаша айтқанда, туризм енді дамып келе жатқан елдердің экономикасына оң әсер етеді.

13 стр., 6099 слов

?аза?ты? ?лтты? спорт т?рлері

... рине, б?л ?лтты? спорт т?ріні? кейбір ?діс-т?сілдеріні? бас?а туыс?ан халы?тарды? ?лтты? к?рестеріні? ? ... алай бастау керек? 1 семинар реферат 3 Талапкерлерді к?рес секциясына ? ... пайда болады. Адам денесі таза болып ж?ргенде к??ілі де к?тері?кі, ... -?айсысына болмасын жа?ын да ??сас. ?аза? палуандарыны? ?ай-?айсысы болмасын ауылда ? ... (2 са?ат) Салма? ?уу деген не? Палуандар ?з салма? д?режесі бойынша ...

Туризмнің экономиканың басқа салалардан ең басты ерекшелігі – оның әр түрлі салаларды біріктіре алатындығында. Жалпы, туризмнің бірнеше түрлерін белсенді және белсенді емес деп үлкен екі топқа бөлуге болады. Соңғы кезде салауатты өмір салтын ұстанушылардың көпшілігі активті туризм саласына көбірек көңіл бөлуде. Активті туризм – туризмнің ең жақсы дамыған салаларының бірі болып саналады.

Жалпы алғанда, бұл рефераттың өзектілігі – активті туризмнің қазіргі таңда қоғам үшін салауатты өмір салтының кепілі болса, мемлекет үшін экономиканың негізгі қаржы көзі болып саналатындығында. Рефераттың мақсаты – активті туризмнің экономикадағы рөлі мен маңызын айқындау, міндеті – алға қойған мақсатқа статистикалық көрсеткіштер мен талдаулар арқылы қол жеткізу.

II.Шетелдік белсенді саяхат түрлерінің ерекшелігі

Активті туризмнің мәні және мазмұны

Активті туризмнің мазмұнын ашып түсіну үшін, алдымен, «активті туризм» сөзінің анықтамасын біліп алу керек.

Активті туризм:

1)туризмнің адамның физикалық күшін жұмсаумен байланысты болатын барлық түрлерін қамтиды, оған тау туризмі, су туризмі, альпинизм т.б. туризм түрлерін жатқызуға болады;

2)халықаралық туризмнің валюта түсімі бойынша алдыңғы қатарлы түрлерін жатқызуға болады;

3)табиғат аясына жасалатын белсенді саяхаттар.[2]

Алғашқы кезде ғалымдар туризмді ұйымдастырылған және өзіндік деп үлкен екі топқа бөлді. Өзіндік туризм бұқаралық және спорттық деп бөлінді. Спорттық өзіндік туризм қазіргі таңдағы активті туризмнің негізін қалады. [3] Активті туризм сол кездің өзінде тау, шаңғы, жаяу туризм сияқты күрделі, әрі қауіпті туризм түрлерінен тұрған болатын. Ал, қазіргі кезде бұлардың қатарына серфинг, дайвинг, спелеотуризм, рафтинг т.б. сияқты танымдық, әрі экстремалды туризмнің жаңа түрлері келіп қосылды. Активті туризмнің негізгі мақсаты спорттық жетістікке жету емес, керісінше көңіл-көтеру, демалу болып табылады. Сондықтан, ол жаппай халықтық сипат алады.

Активті туризм физикалық (дене күші, шыдамдылық) және интеллектуалдық (тактикалық және техникалық тапсырмалар) күштерді қажет етеді. Активті туризм күрделілік дәрежесіне байланысты 3-ке, ал қиындығына байланысты 6 категорияға бөлінеді.

1) Бірінші дәрежелі – оңай түрлері. Адамның дене күшін көп қажет етпейтін, қиын емес маршруттарды жатқызуға болады.

2) Екінші дәрежелі – орташа күрделі. Сақтану үшін арнайы сақтандыру құралдарын қолдану арқылы жүзеге асырылады.

3) Үшінші дәрежелі – жеткілікті күрделі. Арнайы сақтандыру құралдарын қажет ететін, топтық емес маршруттар.

4) Төртінші дәрежелі – өте күрделі. Маманданған, жақсы дайындалған жолбастаушыны қажет ететін маршруттар.

5) Бесінші дәрежелі – ерекше күрделі. Топтың әрбір мүшесі физикалық жағынан мықты, жақсы дайындалған болуы керек.

6) Алтыншы дәрежелі – жоғарғы дәрежелі қиын маршруттар. Алдыңғы жағдайлармен қоса сақтандыру пунктерінің көп болуын қажет етеді. Маршруттардың бұл категориясы өте сирек кездеседі. [5]

6 стр., 2869 слов

Туризм саласындағы маркетингті

... бөлігі, туристік кластер картасы тапсырыс берушінің қалауына байланысты өзгеріп отырады. Туристік қызметтердің жанама жабдықтаушылары ... амтамасыз ету және т.б.); 3) салық саясаты туризмнің дамуына кедергі жасайды, фирма туристерді жіберуге немесе қ ... жетілдіруге мүмкіндік береді. Туризм индустриясындағы туристік маркетингке компьютерлік техниканы енгізу керек. Туристік аймақтың тартымдылығын аны ...

Активті туризмнің күрделілік категориялары мынадай 3 жағдайға байланысты анықталады:

1) активті туризм жүргізілетін аймақтардағы желдің бағыты мен судың ағысына байланысты;

2) аймақтың географиялық ерекшеліктеріне байланысты;

3) аймақтың туристік ерекшелігі, халықтың туристік аймаққа байланысты орналасу ерекшелігі.

Осыған байланысты активті туризм дүние жүзі елдерінде әр түрлі дамыған. Келесі бөлімде активті туризмнің шетелдердегі ерекшеліктері жайлы мағлұмат берілген.

Шет елдердегі активті туризмнің түрлері және ерекшеліктері, Активті туризм шетелдерде кеңінен таралған. Сонымен қатар олардың түрлері де көп.

Тау түризмі – бұл таулы аймақтарға жасалатын саяхаттарды қамтиды. Тау туризмінің экстремалды түрі – альпинизм болып табылады. Альпинизм – тау шыңдарына шығумен байланысты болып келетін тау туризмінің ең күрделі түрі. Тауға шығумен байланысты активті туризмнің кең таралған түрлерінің бірі – шаңғы туризмі. Шаңғы туризмі – белгілі бір қар жамылғысына байланысты арнайы құралдарды пайдалана отырып, шаңғы арқылы жүзеге асырылатын туризмнің түрі.[6] Тау туризмінде де активті туризмнің басқа түрлеріндегі сияқты күрделілігіне байланысты 6 категорияға бөлінеді. Тау туризмі негізінен қыс мезгілдері кезінде кеңінен таралады. Тау туризмі мен альпинизмнің кеңінен тараған аймақтары: Альпі таулары, Тянь-Шань таулы аймағы, Алтай және Кавказ аймақтары. (1-сурет).

1-сурет. Альпинизм.

Су туризмі – бұл судың ағынына байланысты арнайы құралдар арқылы жүзеге асырылатын активті туризмнің бір түрі. Су туризмінің түрлері өте көп және кең таралған: серфинг, дайвинг, рафтинг.

Серфинг – арнайы тақта үстінде су ағынымен жүзеге асырылатын активті туризм. Серфингтің бірнеше түрлері бар. Виндсерфинг – кеме артында тақтамен сырғанау. Бодисерфинг – толқында тақтасыз сырғанау. (2-сурет).

2-сурет. Серфинг.

Дайвинг – су астында арнайы құрал-жабдықтарды пайдалану арқылы жүзеге асырылатын су туризмінің түрі. Дайвинг туризмге қатыстылығына байланысты мынадай 3 түрге бөлінеді (1-кесте).

Дайвингтің бұлардан басқа да фри-дайвинг деген түрі бар. Ол – су астында ешбір аппаратсыз, демалмау арқылы жүзу. Көбінесе фри-дайвингтің ұзақтығы максималды мәнінде 10-11 минутқа созылады.

Рафтинг – сарқырамалардан рафт, байдарка немесе катамаран арқылы түсу (3-сурет).

Рафт – үрлемелі, тірексіз қайық. Катамаран – үрлемелі, екіқабатты, ескекті қайық. Байдарка – полиэтиленнен жасалған жеңіл қайық. Ең ірі рафтинг дамыған аймақтар 2-кестеде берілген.

3-сурет. Рафтинг.

Жалпы алғанда, су туризмі шетелдерде жақсы дамыған. Тынық, Атлант, Үнді мұхиттарының жағалаулары активті туризмнің негізгі орталықтары болып саналады.

Спелео-туризм – үңгірлерге саяхат жасаумен, зерттеумен байланысты туризм түрі. Спелеотуризм, негізінен алғанда, таулы аймақтарда жүзеге асырылады. (4-сурет).[1]

4-сурет.Спелеотуризм.

1-кесте. Дайвинг түрлері.

2-кесте.Рафтинг дамыған аймақтар.

Активті туризмнің дамуы, ең алдымен, жергілікті жердің табиғатына, географиялық жағдайларына және экономикасына тікелей байланысты. Соған байланысты әр елде активті туризмнің даму жағдайы әр түрлі. Шетелдердегі активті туризмнің ерекшеліктері мен даму жағдайларына тоқталамын.

2 стр., 774 слов

Реферат про туризм на казахском языке

... байланыстың жоқтығы, экономикалық механизімнің жетілмегендігі тән. Туризм сферасындағы макротенденциялар туризмнің тек бір сегментінің – шығу туризмнің ... азақстанның ұзақ мерзімді даму бағдарламасында туризмді басым сала деп анықтады. Қазақстанда туризмнің дамуы үшін нормативтік – ... тигізеді, аймақаралық байланыс көлемін арттырады, халықтың танымдық деңгейін көрсетеді. Қазақстанда туризмнің хаосты ...

Азиядағы активті туризм.

Непал – атақты Гималай тауының орналасқан жері. Сондықтан бұл мемлекетте тау туризмі мен альпинизм дамыған. Аннапура таулы массивіне жыл сайын әлемнің 80-ге тарта мемлекетінен арнайы маршруттар ұйымдастырылады.

Бутан мемлекетінің жеріне тау туризмімен айналысушылар ағыны 1974 жылдан бастап келе бастады. Қазіргі таңға дейін Бутан жеріндегі Шығыс Гималайға келушілер ағыны толастаған емес.

Еуропадағы активті туризм

Германия – туризм саласы ең жақсы дамыған елдердің бірі. Елдегі туристердің 53%-ы шетелдіктер болып келеді. Германиядағы активті туризм дамыған аймақтарға солтүстік жағалау мен аралдар, оңтүстігіндегі таулы массивтер, Боден көлі мен Бавариядағы шағын көлдер жатады. Германияда су туризмі және оның түрлері жақсы дамыған. Жалпы алғанда, ел аумағында 80-ге жуық белсенді туристік саяхаттар ұйымдастырылған.

Италия – туризм күшті дамыған ел. Бұл салада 1 млн-ға жуық итальяндық жұмыспен қамтылған. Жылына, жалпы алғанда, Италияға 40 млн-ға жуық шетел туристері келіп, ел қазынасына 10 млрд АҚШ доллары көлемінде пайда түседі. Активті туризм саласында негізгі туристік маршруттар Жерорта теңізі алабында ұйымдастырылатын круиздік туризмнің итальяндық бөлігін және Альпі ауданын қамтиды.